12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістанда заңды қаскөйлікпен бұзған азамат қамауға алынды

Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасамауы үшін профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Десек те өзіне сот жүктеген міндетті орындамай заңды өсескел бұзатындар да кездесіп жатады. Есептегі сотталғандар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзып, темір торға тоғылып жатқандар да кездеседі.

Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.
2022 жылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Ерболат Түркістан қалалық соты бойынша пробация есебіне алынған болатын. Өзіне берілген осындай аз мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек. Ол өзінің қоғамға келтірген зиянды әрекетінен сабақ алмай профилактикалық іс-шара барысында тіркелуге келмей, кешкі уақытта тұрғылықты мекен-жайында болмай, сондай-ақ, ішімдік ішіп әкімшілік жазаға да тартылған.

– Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат жаза өтеу шарттарымен, сот жүктеген міндеттерді біле тұра, қоғамдық орында масаң хәлде жүргені, Пробация қызметкері белгілеген кестеге сәйкес тіркеуге келмегені, түңгі 22:00-ден кейін тұрғылықты мекен-жайында болмағаны үшін Түркістан қалалық сотының қаулысымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні бұл азаматқа өзінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген болатын. Алайда бұл азамат жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамады. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып сотталушы азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді, — деді Түркістан қалалық ПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев.

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...

Код рода: возвращение к корням

ЕСЛИ БЫТЬ ЧЕСТНЫМ, КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ РАССМАТРИВАЛ РОДСТВО...

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...