Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36 мыңнан асты

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36 мыңнан асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Al Jazeera ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда 31 643 адамның мәйіті табылса, Сирияда 4 614 адамның өлгені расталды.

Сирия президенті Башар Асад БҰҰ-ның Сирияның солтүстік-батысындағы көтерілісшілер бақылауындағы аймақтарға Түркиядан тағы екі шекара өткелі арқылы көмек жеткізуге рұқсат беруге келісті.

БҰҰ-ның көмек көрсету жөніндегі басшысы Мартин Гриффитс құтқару кезеңі «аяқталуға жақын» екенін айтты.

БҰҰ мәліметінше, жер сілкінісінен кейін Сирияда 5,3 миллионға жуық адам баспанасыз қалуы мүмкін. Түркия мен Сирияда 900 мыңға жуық адам ыстық тамаққа мұқтаж.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.