Түркияда жер сілкінісінен кейін бір қала сүріледі

Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Нұрдағы қаласы толық сүріледі. Бұл туралы губернатордың міндетін атқарушы Осман Билгин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Шенеунік қазір іздеу-құтқару жұмыстары үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін соңғы сегіз үйде жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз үлкен апатты бастан өткердік. Қала құрылысы министрі Куруммен бірге шешім қабылдадық, барлық қоқысты тазалап, қаланы толық сүреміз, 100 пайыз. Қала қайта салынады», — деді Билгин.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қалада кемінде 40 мың адам өмір сүрген.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Сондай-ақ, Түркияның әр жерінде тұрғын үйлер мен тарихи Газиантеп бекінісі қирады. Ал Италияда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін цунами қаупі ескертілді.

Азаматтық сот ісінде мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесі

Халқының этностық құрамы әртүрлі Қазақстан үшін мемлекеттік тіл -...

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника...

«Қызғылт қазан»: Жетісу облысында сүт безі обырын ерте анықтауға бағытталған шаралар өтуде

Жетісу облыстық көпсалалы клиникасының мамандары «Қызғылт қазан» айлығы аясында...

В АМКБ впервые имплантировали электрокардиостимуляторы Biotronik Solvia и Amvia

В Алматинской многопрофильной клинической больнице (АМКБ) прошёл международный мастер-класс...

АККА-да Biotronik Solvia және Amvia электрокардиостимуляторлары алғаш рет имплантацияланды

Алматы көпсалалв клиникалық ауруханасында (АККА) жүректің табиғи өткізгіш жүйесін...