Түркиядағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен ғимараттар саны есептелді

Түркиядағы жер сілкінісінен 105 мыңнан астам ғимарат зардап шеккені анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT Haber арнасына сілтеме жасап.

Қоршаған ортаны қорғау, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігінің мәліметінше, барлығы 830 783 ғимарат сараптамадан өткен.

Сараптамалар барысында 105 мың 794 ғимарат қатты бұзылып, шұғыл бұзуды қажет ететіні анықталды.

Тағы 24 мың 464 ғимараттың орташа зақымданғаны, 205 мың 86 ғимараттың жеңіл зақымдалғаны айтылды.

407 мың 786 ғимарат жер сілкінісінен бүлінбеген және бұзылмаған деп танылды.

19 ақпанда Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 40 689-ға жеткенін мәлімдеді. Ол Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарының көпшілігінде іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғанын атап өтті.

ӘРПК-гі қазақ тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің айқын белгісі әрі...

Меры принудительного исполнения в Республике Казахстан

Исполнение судебных актов — важнейший этап восстановления нарушенных прав...

Судья әдебі – заң үстемдігі мен қоғамдық сенімнің кепілі

Қазіргі құқықтық қоғамда сот билігінің беделі мен азаматтардың сотқа...

Қазақстан Республикасының Тіл саясаты

Кез келген қоғамның дамуындағы күрделі құбылыстардың бірі – тіл...

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы – азамат сенімінің негізі

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақытылы және заң талаптарына сәйкес...