Тіл мәртебесі – ел мәртебесі!

Мемлекеттік тіл — тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі. Ұлттың өзгеден даралығын анықтайтын жалғыз да айрықша белгісі. Қай ұлт болсын тілі арқылы ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады.

Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Әрбір елдің қуат-күші, байлық- бақыты экономикалық, саяси әлеуметтік даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени мұра, рухани талғам тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Халықтың сақталуы да тілге тәуелді. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз-ана тіліміз. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздар тілі болып табылады.

Туған тіліміз — ұлтымыздың ұлылығын, еліміздің ерекшелігін танытатын ата-бабамыздан қалған асыл қазына. Оның қадірін түсініп, қастерлеп, болашақ ұрпаққа мұра ретінде қалдыру – біздің парызымыз. Сонымен қатар, қазақ тілі мемлекеттік тіл бола отырып, еліміздегі барлық ұлт өкілдері құрметтейтін және оларды ортақ мақсатқа жұмылдыратын құрал болуы қажет.

Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлық тарихында небір қилы заманды бастан кешіп, қол жеткізген ұланғайыр жерімізді, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді көздің қарашығындай сақтау, әрі дамыту – әрбір ұлтжанды азаматтың парызы.

Тараз қаласының

мамандандырылған тергеу соты

Әкімшісінің бас маман –

сот отырысының хатшысы М.Алтыбаев

Аумақтан тыс соттылықтың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының сот жүйесін жаңғырту және оның ашықтығын арттыру...

Бүгін – Әскери-техникалық саясат саласы мамандарының күні

10 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-техникалық саясат саласындағы мамандары...

Алатау ауданындағы №196 мектепте Отбасы күні аталып өтті

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні...

Депутат треш-стримингке заңнамалық жауапкершілікті күшейтуді ұсынды

Қазақстанда әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерде қорлау, балағат сөздер айту,...

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, халықтың тарихи жадын сақтайтын...