Біздің ана тіліміз ең бай тіл. Қай елдің болмасын негізгі мәселесі осы ана тілі болмақ. Мәселе туындаса бір ел мақтайды, біреуі даттайды. Қанша сөз айтылса да ол өзінің туған тілі емес пе?!
Тіл тұтастығын жоғалтып алсақ оны қайта құрастырушы халық. Қазақ тілі жеке бір қазақ адамның тілі емес, барша мемлекеттің ортақ тілі. Тілді біз ананың ақ сүтімен бесікте жатқан да ақ бойымызға сіңіреміз. Біз өз тіліміздің қаншалықты бай екендігін өзгелердің көзінше қиналмай-ақ жеткізе аламыз. Таза, мәнерлеп, сөздің майын тамыза сөйлеу арқылы сен өз тіліңді қандай дәрежеде құрметтейтініңді дәлелдей аласың. Тарихымыз, өткеніміз қаншалықты құнды болса, тіліміз де соншалықты құнды болмақ.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады.
Тіл — біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда.
Тараз қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы
Б. Нұрәлі