Тіл – ең асыл құндылық

«Тіл — елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш»

                               Б.Момышұлы

Тәуелсіздігіміздің басты белгісі – мемлекеттік тіл. Дүниежүзіндегі  ең әдемі тілдердің қатарынан саналатын ана тіліміздің құнарлы қазынасы бізге ата-бабаларымыздың қаны мен жаны арқылы  мирас болып жеткен.

Халықтың болмысы, өркениеттілігі,  саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен,  сол тілдің қолданыс  ауқымының  кеңдігімен, орамдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді.  Ерте заманда ел бастаған  көсем де, дауды шешкен би де  осы құдыретті тілге сүйенген, осы тілге жүгінген. «Тіл өнері дертпен тең»,- деп тілдің  қадір-қасиетін жете түсінген.  Бабаларымыз  үлкен дау-дамайда  бір-ақ сөзге тоқталған. Ұлттың асыл мұрасы —  ана тілін құрметтей білген.

Тіл тағдыры ел тағдырымен тікелей байланысты. Ел қамын сәт сайын  санасында сақтайтын  әр адам тіл тағдырын да ұмытпауға тиіс. Өйткені, тіл сатып алып меншіктейтін мүлік емес, ол мыңдаған жылдар бойы  қалыптаса келіп,  белгілі бір этностың  тілін түзеп,  ұлтты туындатады.  Ал, тілдің өлуі бүтін бір ұлттың  өшуі болмақ.

Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейе түсті. Қазақ тілі қайта жаңғырып, жаңа сипатқа ие болды. Қоғамда тіл тағдырына деген түсіністік орныға бастады.

Мемлекетет басшысы Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  атты халыққа арнаған Жолдауында  барша қазақтандықтарды  біріктірудің  басты факторының бірі ретінде мемлекеттік тілімізді  одан әрі дамытуға  күш салу керектігін атап көрсетті. Еліміздегі тіл саясатының  негізгі философиясын, нысанасын белгілеп берді.

Тіл саулығы – ел саулығы, қазақ тілінің мәртебесін  көтеру – барша  қазақ халқының үлесі. Басы балабақшадан, мектептен бастап, мемлекеттік мекемелерге дейін әр қазақ баласы бойына ананың ақ сүтімен тараған ана тілін қастерлей білуі тиіс.  Тіл – ұлттық рух негізі. Ұлттық рух негізі – ұлт тілін ұлықтау, оны төрге шығару баршамыздың борышымыз.  

Баубекова Майра,  Түркістан облысының Әділет департаменті

                                                                               әкімшілік бөлімінің бас маманы

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...