Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде тек қана өзімізге тән. Ұлттық қасиет, ұлттық тәрбие — ол тек қазақ тілінде. Ана тілінің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Тіл туралы жазудан, тіл туралы айтудан да жалықпауымыз керек.
Өз тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу — қаны қазақ баласының бірден бір міндеті. Тіл құндылығын заманнан-заманға, адамнан-адамға жеткізуші де — бүгінгі ұрпақ. Әрбір патриот жан елі, жері, тілі, ұлты үшін тер төксе, адал болып құрметтесе, біздің елдігіміздің баянды болғаны. Сауатты ұрпақ — ол өз ана тілінде ойлап, өз тілінде еркін сөйлей, алатын, қазақша еркін жазып, оны еркін меңгерген ұрпақ. Сондықтан да ана тілінің шырайын түсінетін, өз тілімен жазып, өз тілімен сөйлескен ұрпақ өз ұлтының құндылығын ешуақытта жоғалтпайды.
Тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады.
Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нысаны мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі. Сондықтан да, ол ұлттың өзгеден даралығын анықтайтын жалғыз да айрықша белгісі. Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады. Біздің ана тіліміз ең бай тіл. Қай елдің болмасын негізгі мәселесі осы ана тілі болмақ.
Тіл тұтастығын жоғалтып алсақ оны қайта құрастырушы халық. Қазақ тілі жеке бір қазақ адамның тілі емес, барша мемлекеттің ортақ тілі. Тілді біз ананың ақ сүтімен бесікте жатқан да ақ бойымызға сіңіреміз. Біз өз тіліміздің қаншалықты бай екендігін өзгелердің көзінше қиналмай-ақ жеткізе аламыз. Таза, мәнерлеп, сөздің майын тамыза сөйлеу арқылы сен өз тіліңді қандай дәрежеде құрметтейтініңді дәлелдей аласың. Тарихымыз, өткеніміз қаншалықты құнды болса, тіліміз де соншалықты құнды болмақ.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Тараз қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы
Р.Н.Манапов