«ТУРИЗМ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ!» АТТЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» жастар қоғамдық бірлестігін тарта отырып, «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай және жазғы демалыс кезеңінде іс-шаралар өткізу аясында «Туризм есірткіге қарсы!» ұранымен балалар арасында туристік фестиваль ұйымдастырды.

Іс-шара нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық–насихаттау жұмысы аясында өткізілді. Жарыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің психобелсенді заттардың таралуына және қолданылуына теріс қарым-қатынасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына құндылық қарым-қатынасты, есірткіні қабылдамауды қалыптастыру. Сондай-ақ психобелсенді заттарды пайдаланудың алғашқы алдын алу жұмыстарын күшейту болып табылды.

Жарысқа қатысушылар «кедергілер жолағынан» өту дағдыларын, сондай-ақ скалодром шыңына көтерілу кезінде альпинистік дайындық дағдыларын және іскерліктерін паштады. Сонымен қатар, жас туристтер өздерінің көркем өнерлерінде көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, сауықтырудың, кәсіптік бағдарлаудың, әлеуметтік бейімделудің, салауатты өмір салтын бекітудің, балалар мен жасөспірімдер тұлғасын дамытудың тиімді жүйесі болып табылады. Жеңімпаз жас туристер алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.

Қазақ тілі әрдайым күн тәртібінде

Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін...

В одном ритме к общей цели: в Туркестане прошел флешмоб «Ортақ арна»

На гребной канал Туркестана вышла целая флотилия каноэ. Молодые...

Отбасылық дауларды сотта қараудың ерекшеліктері

       Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, адам өміріндегі ең...

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы...

Әр шақырту — маңызды: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілуде

Алматы облысында жедел медициналық жәрдем қызметін жаңғырту жұмыстары қарқынды...