Тоқаев әкімдерге: өз қалаларыңды жаяу аралаңдар

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қалалардың сиқын сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мәселеге билік өкілдерімен бірге халық та назар аударуы керек. 

«Біз қалаларымыз бен астанамызды көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыз жақсы көрінбейді. Ойын алаңдары жабдықталмаған. Шетелде жүргенде көреміз, үйлер тозған, бюджеті әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан қалалар өте жақсы, таза көрінеді. Бұл — муниципалды биліктің жұмысы. Оған қоса қала тұрғындарының өз көзқарасы бар. Бізге не жетпейді?», — деді Тоқаев.

Ол әкімдер қалалардағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүруі керек екенін айтты.

«Біз қала тұрғындарының өз көшелеріне, үйлеріне және тағы басқаға немқұрайлы қарайтынына тап болдық. Бұл еліміздің беделін түсіруге жұмыс істейді. Мұндай мәселе елордада да бар. Елорданың жоғары мәртебесі тек қала орталығына ғана емес, шет аймақтарға да сай болуы керек. Қалалар өте нашар көрінеді. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат өкілдері отыр, осыған назар аударыңыздар. Сысалы, Семейдегі балалар алаңын көрсетті. Оны пайдалану қауіпті. Әкімдер жаяу жүріп, өз қалаларын аралауы керек», — деді Тоқаев.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.