Токио Олимпиадасының жүлдегері спорттан 8 жылға шеттетілді

Қазақстандық ауыратлет, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон допинг дауына байланысты спорттан 8 жылға шеттетілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық антидопинг орталығының ресми сайты хабарлады.

Игорь Сон 8 жыл бойы спорттық жарыстарға қатыса алмайды. Нақтырақ айтсақ, 2030 жылдың наурыз айына дейін қатысуға рұқсаты жоқ. Ал шеттетілу уақыты 2022 жылдың наурыз айынан басталған. Спортшының допинг сынамасынан метастерон анықталған.

Қазақстандық спортшы 2020 жылы Токиода 61 килоға дейінгі салмақта қола медаль еншілеген еді. Ал 2019 жылы әлем чемпионатында күміс алған.

Игорь мансабында екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. Бұған дейін қазақстандық ауыр атлет 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін бірнеше айға жарыстардан шеттетілген. Ол кезде спортшы тыйым салынған препарат ағзасына биоқосымшалар арқылы түскенін дәлелдеп шыққан еді.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) ережесіне сәйкес, допинг қолданғаны жарыстардан шеттетілген спортшының Олимпиададағы нәтижесі де жойылады. Игорьды да сондай жағдай күтіп тұр.

Қазақстанның Ұлттық антидопинг орталығы Игорь Сонды ғана емес, бірқатар спортшыларды жарыстардан шеттетті. Олардың қатарында ауыр атлеттерден өзге таеквондо мен жеңіл атлетика спортшылары да бар.

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...

Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың...

«Республика күні- елдігіміздің айғағы»

Еліміздің тәуелсіздікке бастар жолында айрықша мәнге ие тарихи белестер...

Азаматтық процестегі эксаумақтық соттылық: сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен цифрлық технологиялардың енгізілуі...