ТИЗО-да Конституция күні

Қазақстан Республикасының Конституция Күні — керемет күн, халықтың заңдылығы мен ерік-жігерінің айғағы. Бұл мереке ҚР ІІМ ҚАЖК № 64 мекемесінде де назардан тыс қалмады.

Бүгін елордалық тергеу изоляторында шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары арасында мерекелік концерт өткізілді, оның бағдарламасына тек вокалдық және поэзиалық нөмірлер ғана емес, сонымен қатар Конституцияның тарихын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің тарихын білуін тексеруге арналған викторина өтті.

Сонымен қатар, іс-шара аясында суретшілер мен қолдан жасалған бұйымдар шеберлері арасында жарыс өткізілді. Сотталғандардың еңбектерінде өз еліне деген шынайы патриотизм мен сүйіспеншілік сезілді. Мемлекеттіліктің қалыптасуының барлық қиындықтарынан абыроймен өтіп, бүгінде посткеңестікте экономикалық және саяси көшбасшы болып шыққан, эталонға айналған, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге келген еліміз үшін мақтануға тұрады.

«Мен сотталғандарға мерекелік бағдарламаны айтқан кезде, барлығы дайындықты ынтамен қабылдады. Бұл демалыстын бір түрі, шынында біраз уақытқа серігу мүмкіндігі. Мұндай іс — шаралар ұжымдағы климатты, ұйымшылдықты, командада жұмыс істей білуді жақсарту үшін өте маңызды рөл атқарады, сондай-ақ сотталғандарды босау жолында ынталандырады», — дейді жасақ бастығы әділет старшинасы Н.Б.Амизов.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...