Тергеу мекемесінде тағы бір азамат бостандыққа шықты

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде шарушылық қызметіне қалдырылған «Ш» есімді азамат темір тордан, бостандық өмірге қадам басты. Бұған дейін ол, 181-бабтың 1-тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бұл мекемеде бес жыл мерзімде өзімнің қателігімнің салдарынан жазамды өтедім. Қыркүйек айының 28-ші жұлдызында жазамды толық өтеп, бостандыққа шығып отырмын. Бұл аралықта өзімнің қателіктерімді ой елегінен өткеріп, алдағы уақытта мұндай жазаны қайта жасамаймын деп  өз-өзіме ант бердім. Ендігі өмірімде отбасыма көңіл бөліп, қыздарымның және әйелімнің көңілін тауып, сондай-ақ, ата-анама уақытымды арнаймын. Тергеу мекемесінің басшысына, сонымен қатар, қызметкерлеріне алғысым шексіз деп өз рақметін айтты,- еркіндік өмірге қадам басқан азамат.

Мекемеде «Ш» есімді азамат өзінің жазасын өтеу барысында өзінің белсенділігімен, талантты, дарындылығымен көзге жақсы түсе білді. Сондай-ақ, тәртібі жағынан шағым түспейтін. Шаруашылық қызметте жұмыс жасап, мекеме тарапынан берілетін айлық табысын өзіне және отбасына беріп пайдасын тигізетін. Көптеген іс-шараларға өз еркімен белсене қатысып, түрлі өлеңдер оқып, алғыр бола білді. Сондай-ақ босатылып жатқан азаматқа мекеме тарапынан жол жүру билеті беріліп, шығарып салынды дейді,- АКАӘПТЖБ-нің жасақ бастығы әділет лейтенанты Рамазан Әлмахан.

Мекемеден шығар-шықпас «Ш» есімді азаматтың туған туыстары, жақын достары жылы қарсы алып, құшақтарын кеңге жайып, сағына қарсы алды.

Казахстанский стартап с технологией для здоровья спортсменов занял второе место в США

Казахстанский deep-tech стартап Mirai Tech занял второе место на WT Innovation...

АБАЙ УНИВЕРИСТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматыда 16–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап, адмагершілігмен,...