Тергеу мекемесінде сотталған азамат заңды некеге тұрды

Ағымдағы жылдың 25-шілде күні Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде ҚР Қ.К-нің 297-бабтың  2-бөлігімен  жазасын өтеп жатқан И есімді азамат жұбайы Б есімді азаматшамен некелесті. Неке куәлігін  Қызылорда қалалық АХАТ бөлімінің іс жүргізушісі табыстап, жас жұбайларды заңды неке куәлігімен құттықтады.

Қылмыс жасап тергеу мекеміснде отырғанымда жұбайым қолдап, күн сайын сәлем-сауқат әкеліп, жағдайымды біліп кетеді. Осы мекемеде неке қиюға болатынын білгенде қатты қуанып, сүйіктіммен ақылдасып некелесуге бел буып, қарым-қатынасымызды заңдастыру мақсатында өтінішімізді жаздық. Мекеме заңгері Б.Абдразақовтың ықпалымымен неке куәлігімізді қолымызға алдық. Алдағы уақытта бірге бақытты болып кететінімізге сенімдімін. Маған адал жар, мені жақсы көретін жанның табылғанына қуаныштымын. Бірнеше жылдар темір торда отырамын, мені қиын шақта қолдап, жанымда болатын жан бар,-деді жазасын өтеуші азамат.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...