Тергеу изоляторында сыбайлас жемқорлық тақырыбында жедел кеңес өтті

Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары ,әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыәсерровтің төрағалығымен № 68 мемелекеттік мекемесі( тергеу изоляторында) жедел кеңес өтті.Жедел кеңеске Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД – нің кадр саясат тобының бас маманы әділет майоры А.Беркінбеков, ҚАЖД – нің өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет капитаны Р.Жамбылов және мекеменің жеке құрамы мен ерікті жалдамалы қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге жол бермеу туралы мәселесі қаралды.

Кеңесті ашық деп жариялап берген подполковник Ж.Әбдіқайыровтің сөзінен кейін, ҚАЖД – нің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі Р.Жамбылов ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы жай – күйі туралы шолуымен таныстырды.

Бұдан соң, ҚАЖД — нің бас маманы Ә.Беркінбеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігі төрағасының « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық талаптарына сәйкес, кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен таныстырды.

Жиын соңында подполковник Ж.Әбдіқайыров: сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша мекемменің кадр саясат бөлімі мен РжКБ- іне бірқатар ұсыныстар берді. Жеке құрамды, олардың қызметтегі және күнделікті өмірдегі мінез-құлқын бақылау қажет. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік, қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы тұрақты негізде әңгіме жүргізуді қатаң қадағалау керек.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір қызметкердің ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез – құлық нормасына айналуы тиіс. Жеке құрам бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаса, қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Сондықтан да, тергеу изоляторындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, үздіксіз жүргізілуі керек – деп, аяқтады өз сөзін департамент басшысының орынбасары.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...