Темірторда некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне  қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде бірнеше баппен жазасын өтеп жатқан азамат өзінің сүйіктісімен  некеге тұрды. Жиырма үш жастағы азамат ҚР ҚК 24 бабы, 3 тармағы , 99 баптың 1 тармағы бойынша қасақана адам өлтіру қылмысымен жазасын өтеп жатыр. Бүгінгі таңда өзінің сүйіктісімен некелесу арқылы ғана заңды өкілі ретінде кездесе алатынын баяндады, мекеме заңгері.

Өзімнің сүйікті жарыммен некеге тұрғаныма өкінбеймін. Бостандықта жүрген кезден некелесу біздің жоспарымызда болған. Алайда, өзімнің жасаған қателігімнің кесірінен темірторда отырмын. Алайда, мекеме заңгері Б.Абдразақтың ықпалымен неке куәлігін қолымызға алдық. Жұбайым екеуміз өте қуаныштымыз. Себебі, қандай жағдай болмасын мені жарты жолда тастамай, қателіктеріме көз жұма қарап, менімен некелесуге өз келісімін берді. Алдағы уақытта жұбайыммен бақытты өмір сүруге, сүйіктімді ренжітпеуге барынша күш саламын, -деді сотталған 23 жастағы азамат.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...