Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі

Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжанат Тілеген амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі жайлы әңгімелеп берді
Айтуынша, диспансерлік есепте тұрған, белгілі бір сырқат түрлерімен ауыратын науқастар амбулатория деңгейінде дәрімен қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек және МӘМС пакеттері шеңберінде беріледі.
«Мысалы, анемияға шалдыққан репродуктивті жастағы әйелдерге темір препараттары беріледі. «Атеросклероз» диагнозымен тіркеуде тұрған пациенттер антикоагулянттар ала алады», — дейді Гүлжанат Тілеген.
Сонымен қатар, психикалық немесе мінез-құлықтағы ауытқушылықтармен тіркеуде тұрғандар, ағза алмастырған пациенттер және т.б. азаматтар дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі.
«Дәріні алу үшін емханадағы учаскелік дәрігерге бару қажет. Дәрігер рецепт жазып береді. Содан соң дәріні арнайы дәріханадан аласыз. Ол үшін міндетті түрде жеке куәлік талап етіледі», — деді дәрігер.
Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының мәліметінше, 2023 жылы 23 млрд. теңгенің дәрі-дәрмегін сатып алу жоспарланған, дәрілік заттар жыл басынан бері бекітілген кесте бойынша жеткізіліп жатыр.
«Биылғы жылдың І тоқсанында 9,5 млрд теңгенің дәрісі мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді. Тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде – 400 мыңнан астам пациент дәрімен қамтамасыз етілді. МӘМС пакеті бойынша – 65 мыңнан астам ересек пен 6 мыңнан астам балаға дәрі берілді», — дейді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.
Жалпы, пациенттер тегін дәрі-дәрмекке қатысты мәліметті «СК-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс орталығы арқылы біле алады. Қоңырау шалу тегін.
Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмек тізімімен ҚР ДСМ-нің №75 бұйрығы арқылы танысуға болады

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...