12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Татуласу – оң шешім

Қазіргі таңда сотта бітімге келдім, іс татуласу арқылы шешілді дегенді жиі естіп жүрміз. Бұл сөз тектен-тек емес. Сотта да қос тарапқа өз уәждерін айтумен қатар, сот залынан қол алысып бір ымыраға келу құқығы берілген.  Демек, сот тек қана жаза тағайындайтын орган емес, күн сайын дауласқан тараптарды бітімге шақыратын үлкен институтқа айналып келеді деген сөз.

Енді осы тақырыпқа арқау болған соттағы татуласу шараларын тарқатып өтсем.

Шын мәнісінде өзіндік сара жолы бар қазақтың көне заңдарында дау шешуші би алдымен жазалауға емес, дауды келісіммен аяқтауға аса мән берген. Себебі қазақта «келісіп пішкен тон келте болмас» деген қанатты сөз,  «дау мұраты бітім» деген тәмсіл қалған.

Бабалар бүгінге мұра болған осы төл өнер ұрпақ бойына сіңіп, құқықтық мемлекетіміздің басты ұстанымына айналды.

Оған бірден-бір дәлел 2011 жылы 18 қаңтарда қабылданған «Медиация туралы» Заң еді. Себебі аталған заңның 9-бабында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыра алады делінген.          

Яғни Заңнамаға сай сай дауласушы кез-келген тарап медиаторға жүгінбей-ақ, істі қараушы судьяға өздерінің медиациялық келісімін бекітуге өтініш хат келтіре алады. Негізінен медиацияның негізгі мақсаты дауды (жанжалды) шешудің медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.

Одан бөлек азаматтық процестік кодексте тараптардың татуласуға қол жеткізуші үшін бірнеше рәсімдер де ұсынылады.

Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот (судья) бекітеді.

Партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі тарап адвокаттарының не заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың жәрдемдесуімен дауды реттеу бойынша тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы өткізіледі.

Сондай-ақ татуласу шараларының қайсысын қолданса да жеңілген тараптың болмайтынын түсінген жөн.

Алдымен тараптар арасындағы қалыптасқан негатив пікірлер мүлдем жойылады, сыйластық сақталады. Артық сот шығындарынан арылады (өкілдің қызметі, кәсіби медиаторлардың ақысы, сараптама т.с.с.). Сонымен қатар талап қою кезіндегі мемлекеттік баж сомасы кері қайтарылады. Ал одан да ең тиімдісі – уақыттың үнемделуі. Себебі айлап қаралатын азаматтық істер татуласу рәсімімен бір ғана сәтте аяқталуы мүмкін.

Әрине айлап қаралатын істерде татуласу сот ісі аяқталуға таяуға қалған орын алуы мүмкін. Алайда 2021 жылдың желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілген азаматтық істер бойынша дауды «сотқа дейінгі хаттама» арқылы шешу уақыт үнемдететіні айдан анық.

Себебі аталған өзгерістерге сай талап қою сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл тетік тараптарды сотқа дейін татулас­тыру, дұрыс шешім қабылдау үшін берілген уақыт. Сонымен қатар сотқа дейінгі хаттама келесі жақтың дәлел-дәйегімен танысқан азаматтардың ойлануына, оң шешім қабылдауына сеп болады. Хаттамада тараптар  өз  талабының немесе қарсылығының негізін, дәлелдерін хаттамада көрсете алады.  Себебі Азаматтық процестік кодекстің (бұдан әрі АПК) 73-бабының, 1-бөлігінде дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып , талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.

Салыстырмалы түрде алғанда дауды екі ай бойы даулағаннан, сот ісі қозғалмай тұрып аяқтағанның оң жағы осы ғана.

Татуласудың қандай түрі болса да, тараптар арасында ерікті түрде жасалатындықтан, онда көрсетілген талаптарды орындау міндетті. Әрине әркім өз құқығын өзінше қорғайды, алайды дауды шешуде тиімді әдісті қолдану оң шешімнің бірі екенін ұғынған жөн.

Умарсерикова Салтанат

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

 экономикалық сотының судьясы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...