Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі

Соңғы жылдары сот саласында медиация, татуласу рәсімдері кеңінен насихаттала бастады. Татуласу рәсімдерін одан әрі дамыту мақсатында еліміздегі сот ғимараттарында арнайы татуласу орталықтары ашылып жатыр. Азаматтар сотқа дейін, сотта татуласып бір мәмілеге келу үшін соттың қай сатысында болмасын мүмкіндік беріле бастады. Онда азаматтарға медиаторлар, адвокаттар, нотариустар мен психологтар бірігіп көмек көрсетуде. Мұның бәрі ел азаматтарының игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар деп айтуға болады.

Негізі ең дұрысы – татуласу, келісу, бітімге, бір мәмілеге келу. Одан екі жақ та ұтады. Уақыт жоғал­майды. Ақша үнемделеді. Қаты­нас үзілмейді. Жүйке мен абырой-бедел сақталады. Ата-бабаларымыз дауды бейбіт жолмен шешіп отырған. Кішігірім  рудан тартып, ұлыс деңгейіне дейінгі керіс пен дауды келелі  кеңеспен әділ шешіп отыратын ақсақалдар болған. Әрқандай жер дауы, жесір дауы, тіпті  кісі өліміне дейін әділ билік айтып, бүкіл елдің бірлігін, бейбіт тірлігін сақтап отырған. Дамыған елдерде де солай – дау­лардың 70-90% сотсыз, бітім­мен аяқталып жатады. Сондықтан ата бабамыздан қалған осы жүйені қайта дамыту уақыт талабы болып отыр. Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.  Яғни мұндай жағдайда талай мәселенің ашық жария етпей шешуге мүмкіндік бар.

Дауласушылар медиацияға жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің қаралу, шешілу сапасын арттыруға болады. Халықаралық статистикада барлық даулардың 30-40 пайызы медиация рәсімінен өтеді екен және олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізіліп жататын көрінеді. Жалпы медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді.  Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз,  сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.  

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты дауларда қолданыла алады.

Есенов Абылай Сарсенович, Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының әкімші бас маманы

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...