12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі

Қазіргі уақытта республиканың сот жүйесі қарқынды даму үстінде. Елбасы жаңа басшының алдына сот беделін арттыру міндетін қой­ған болатын. Ол үшін ең алдымен, соттарға қолжетімділік, ашықтық, БАҚ-пен байланысты нығайту, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындайтыны сөзсіз

Қазір әрбір азаматқа сотқа дейін де, соттың өзінде де татуласуы үшін жан-жақты жағдай жасалып жатыр.

1. Сотқа дейінгі татуласу бойынша.

Республикалық Кәсіподақтар федерациясы және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге өңірлерде Сотсыз татуласу орталықтарын құрылуда. Онда кәсіби медиаторлар және басқа да мамандар жұмыс істеуде.

Олардың міндеті – келіссөз жүргізу, екі жаққа қолайлы, көңілге қонымды шешім іздеу және ұсыну. Татуласудың басты артықшылығы – ол тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарымқатынасты сақтап, қалпына келтіреді. Тараптар өз еркімен, саналы түрде ортақ келісімге келеді. Медиаторды әрбір адам өзі таңдаған соң жемқорлыққа да жол берілмейді.

2. Сотта татуласу бойынша.

Екі жақ та қаласа, сот татуласу процесін бастау үшін істің қаралуын кез келген сатыда тоқтата алады. Аталған мәселеге қатысты сұрақтарды жергілікті соттар түсіндіріп, жол көрсетуге міндетті.

Иә, ренжіскенді татуластыру, кетіскенді бітістіру біздің дәстүрімізде бар әдет. Сол ата — бабадан мирас болған ұлттық құндылықты жаңғырту керек қой. Соттан тыс татуласу орталықтарын құру үшін сыр өңірі пилоттық аймақ ретінде таңдалып,  республика бойынша бірінші Татуласу орталығы Қызылордада ашылды. Неліктен бұл бастама көтеріліп отыр деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Әрине, бұл біріншіден, Елбасының тапсырмасы.

Екіншіден, соттардың дау шешудегі міндеттерін, оның қыр-сырын, себеп-салдарын білетіндіктен, осы проблеманың оңтайлы шешу жолдарын қарастыру.          Осы бағдарламалардың шеңберінде жаңа жүйелік, түбегейлі өзгерістер қолға алынып отыр. Қазіргі таңда еліміз бойынша 46 татуласу орталықтары мен 1000-нан аса татуластыру кабинеттері жұмыс істейді.

Сот төрелігіне жүгінетін тараптар өзара келісімге келіп, соттан өкпе назсыз шықса, ол – судья үшін үлкен жетістік.Сәл дау туындаса, тараптар дереу сотқа жүгіреді. Сот екі тараптың талаптарын бірдей қанағаттандыра алмайды. Дау қолданыстағы заңды қолдана отырып шешіледі.

Тараптар біраз уақыт әуре-сарсаңға түседі, яғни бірнеше сот отырысы өтеді, қайта-қайта жұмыстан сұранып, жол қаражаты бар, адвокаттарды жалдайды, мемлекеттік бажды төлейді. Осының барлығы үлкен шығын. Осыншама қиындықтан өтіп, дау екінші тараптың пайдасына шешілетініне ешкім кепілдік бермейді.

Дауды шешудің ең тиімді әдісі – бітімге келіп, татуласу.

Бітімгершілік арқылы екі жақтың мәмілеге келуі – қазақтың ертеден келе жатқан билер сотындағы ең тура жолдың бірі. Ауыл-үй арасында мал дауы, жер дауына байланысты түрлі дау-дамайларды ара ағайынның араласуы арқылы шешу елдің бірлігін, жердің тұтастығын сақтап келген.

Медиация арқылы бітімге келіп, аяқталып жатқан әрбір іс, ол ең алдымен тараптарға тиімді шешім. Дауларды татуластыру рәсімімен жүзеге асырудың тағы бір артықшылығы даулардың шешу мерзімдерін қысқартуға, тараптардың шығындарын азайтуға септігін тигізеді.

Сот саласының қызметін дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасында негізгі бағыттардың бірі ретінде «Сотсыз татуласу орталығы» жетілдіру жолдары көрсетілген. Оның мақсаты қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін орталықтарды құру болып табылады. Процеске қатысушы тараптардың, қылмыстық іс бойынша сотталушы мен жәбірленушің, азаматтық іс бойынша талап қоюушы мен жауапкердің, әкімшілік істер бойынша құқық бұзушы мен жәбірленушінің, сонымен қатар, заңды өкілдер мен қорғаушылардың араларындағы дау – жанжалды оларды татуластыру арқылы шешу – осы бағыттың негізгі мақсаты.

Қазіргі таңда осы аталған жобаны жетілдіру мақсатында еліміздегі сот ғимараттарында арнайы татуласу орталықтары ашылып жатыр. Онда азаматтарға медиаторлар, адвокаттар, нотариустар мен психологтар бірігіп көмек көрсетуде. Мұның бәрі ел азаматтарының игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар деп айтуға болады.

Мәселен, ауданымызда сотқа дейінгі татуласу орталығы мен билер кеңесінің ашылып, татуласу орталығында медиаторлардың жұмыстарын жалғастыруы. Орталық медиаторлары жанжалдарды шешу үшін дауласушыларға оңтайлы шешім табуға бағытталған.

«Ел даусыз болмас» — дегендей, ауданымыздағы сотқа дейінгі татуласу орталығының медиаторлары көптеген азаматтық істер бойынша дауларды сотқа жеткізбей шешіп жатыр. Азаматтарды сотқа дейін медиация арқылы татуластырып, дауды сотқа жеткізбей жатқандығы. Мәселен, 2018 жылы азаматтық істер бойынша 80 дау кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың көмегімен шешілуі. Ал 2019 жылдың осы уақытында сотқа дейін 18 азаматтық дау шешілді.

Сол үшін медиация – татулық пен тұтастықтың кепілі, татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі екендігін айтқым келеді. Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі».

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы  Б.Ыбрай

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....

NARXOZ университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

NARXOZ университетінде «Құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар мен заңнамалық...