Таскала аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталған бас бостандығынан айрылды

БҚО Тасқала аудандық пробация қызметiнiң есебiнде бас бостандығынан шектеу жазасымен тұрған «Ж» есімді сотталған жаза өтеу кезінде жаза өтеу тәртібін бұзып тиісті нәтиже шығармай ҚР ӘҚБтК-нің баптарымен жауапкершiлiкке тартылып бас бостандығынан шектеу жазасынын талаптарын бұзған. Сол себепті түзелу жолына түспеген азаматқа қатысты Тасқала аудандық сотына бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостадығынан айыру жазасына ауыстыру туралы  ұсыныс жолданды.

2023 жылдың 28 сәуірінде БҚО Тасқала аудандық сотының ғимаратында пробация қызметінің есебiндегi сотталғандарды жане де Заң өкілдерін қатыстыра отырып, ашық сот отырысы өткізiлді. Сот талқылауы барысында жауаптылыққа тартылған «Ж» есімді сотталғанға қатысты «бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру» туралы   пробация қызметінің ұсынысы  қанағаттандырылып сотталған 2 жыл 8 ай 27 күнге бас бостандығынан айру түріндегі жазаға ауыстырылды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...