12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТАСЖҮРЕК

Жауыздық атаулыда мейірім мен аяушылықтың тамшыдай болса да белгісі болса, мүмкін мұндай аса ауыр жағдайлар орын алмас па еді деп ойлайсың. Әй қайдам, о баста Адам атаның ұлдары Абыл мен Қабылдың арасындағы жаулық бекерге орнамаған ғой. Осыдан соң періште мен сайтанның мәңгілік бітіспес майданы ашылғаны жайлы аңыз бар. Соның бірі адамның адамға қарсы жасайтын қысастығы мен қара ниеттілігі. Қылмыс қай кезде де қоғам өмірінде қолдауға ие болған емес. Керісінше айыпталып келеді. Әлдекім опасыздықпен ойға алған қылмыстық пиғылын орындаса, біреулер азғындық жолына түсіп, спиртті ішімдікпен нашақорлық құлына айналады. Оның ақыры жауыздықпен жантүршігерлік оқиғаға құрылады. Қалай десекте қылмысты жасаушылар тиісті жазасын алмай, оларды ақтауға болмас. Қылмыскер қашан болмасын өз іс-әрекетін дұрыс деп бағалап, одан өзінше «шындық» іздеуге тырысады. Тергеу кезінде де олар әрненің басын бір шалып, өз іс-әрекетінен ақиқат іздеген сияқтанады. Шын мәнінде айыпталушы өзінің адасқанын мойындаудан қорқады. Алайда адамзаттың жасаған күналарын бақылап тұратын құдіретті күш оларға бәрібір шындық ауылынан алыс кетпеуге мәжбүрлейді. Жердегі қоғам заңы мен жазылмаған табиғат заңы түптің түбінде әділетті орнатары анық. Бұл өмірдің өзінде сан мың мәрте дәлелденген құбылыс. Осыдан жиырма екі жыл бұрын 2000 жылы қыркүйектің 4-інде Бостандық ауданы Таугүл ықшамауданындағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерден үш адамның азаптап өлтірілген мәйіті табылған болатын. Жантүршігерлік көріністі көргендер естерінен танды. Қылмыстың қатыгездікпен жасалғаны сонша, тасжүрек жауыздар 10-12 жастағы екі жасөспірім қызды анасымен қоса бауыздап өлтірген. Жуынатын бөлме ішіндегі ваннада қолаяқтары маталған қыздардың денесі бірінің үстіне бірі тасталған. Малша бауыздалған жандардың суық та сұсты картинасын көз алдыңа қайта әкелгенде өкініш өрті өзегіңді шарпыры хақ. Жатын бөлмедегі үйме болып төңкеріліп жатқан киім-кешек ортасында үй иесі Алтынның өлі денесі жатыр. Аса қатыгездікпен жасалған қылмысты көрген құқық қорғаушылар жағаларын ұстады. Астаң-кестеңі шыққан үйден қылмыскерлер сөзсіз мол ақша іздегені аңғарылып тұрды. Полиция сарапшылары әрбір затты, көзге түскен ұсақ детальдарды мұқият қарап, қылмыс таңбаларын іздеуді қолға алды. Қол-саусақ таңбаларынан қылмыстық топ мүшелерінің жеке дерегін табу қиындық туғызды. Алайда, әбжілдік пен кәсіби ізденіске негізделген қылмысты іздестіру мамандары күдіктілердің саусақ іздерін ІІМ Орталықтандырылғын дактилоскопия базасына енгізіп қояды. Бұл қылмыстың республиканың қандай өңірінде орын алмасын, сол жерден саусақ таңбаларын салыстыруға мүмкіндік әпереді. Бүкіл Алматы тұрғынының үрейін ұшырған қылмысты ашу жергілікті құқық қорғаушылар мен ІІМ-нің тәжірибелі із кесушілердің мойнына жүктелді. Өзін қорғансыз әйел мен екі қызды өлтіріп күшті сезінген айуан бостандықта ұзақ тайраңдаймын деп ойласа керек. Үш ай бойы Ақтөбеде алаңсыз сайрандап жүрген Айбарды 2000 жылы желтоқсанда әлдебір қылмысқа күдікті ретінде тұтқындайды. Оның саусақ таңбаларын алу кезінде құқық қорғаушылар Алматыда өлтірілген үш адамның өліміне қатысы бар болғанын анықтады. Дереу тергеу мақсатында Алматыға жеткізілген ол өзінің сыбайластарын көпке дейін айтпауға тырысты. Алайда аса ауыр қылмыстың жауапкершілігін жалғыз өзіне алғысы келмей «достарын» ұстауға «қол ұшын» беруге келісті. Қаланың әр ауданында жасырынып жүрген екі қорқау да қолға түсті. Тегеурінді тергеу барысында соңғы екеуі Сәбит пен Нұрқан жалпы аталған қарақшылық пен қасақана кісі өлтіру оқиғасының жоспарын сызған Айбар болғанын жеткізді. Айбарды жеке сұрау барысында ол марқұм болған Алтынмен жақын ағайынды адамдар екенін жасырмады. Таугүл ықшамауданында тұратын Алтынның жұбайы болмаған. Екі қызымен қалған оны өмір сыны әбден шыңдаса керек. Алматыдағы әмбебап-сауда базарында алғашында күнделікті ішім-жем үшін сауда-саттыққа барған ол кейінірек өз кәсібін кеңейтіп контейнер алады. Қомақты қаржы таба бастаған соң пәтер сатып алып, тіпті үйіне азын-аулақ жиһаз ала бастады. Міне мұның бәрін сырттай білетін Айбардың ішіне пышақ айналмайтындай дәрежеге жетті. Ол өзінің арам пиғылын іске асыруды көптен ойлап жүрген болатын. Ақыры өзі сияқты «сырттандарды» көп ұзамай оңай тапты. Өзі бұрын да қарақшылық шабуыл жасап сотты болған еді. Мұны білетін туысы Алтын Айбармен көп араласпауды ойлаған болуы бек мүмкін. Күреңіткен қыркүйек туғанда олар арам ойын арқалап «Таугүлге» келді. Айбар қорқауларымен бірге Алтынды күтіп аулада арақ ішіп отырды. Сырттан қарағанда сылқита арақ ішіп отырған қаңғыбастарға көбірек ұқсаңқырайтын оларға аула тұрғындарының ешқайсысы жіті назар аудармаған тәрізді. Сонадайдан Алтынның сұлбасы көрінгеннен ол серіктестеріне «еріңдер» деп ым қақты. Асығыс Алтынның ізін ала жоғары қабатқа көтерілген олар есік қоңырауын басты. Сол мезет өздері үшін қайғылы оқиғаға ұласарынан мүлдем бейхабар Алтын Айбардың дауысын танып есікті аша салды. Үйге топ болып енген оларды көрген Алтын алғашында абдырап қалғанымен, өтірік мүләйімсіген туысынан секем ала қоймады. Ас үйге қарай «қонақтарын» оздырған бейбақ әйел төргі бөлмені жинауға кіріскен болатын. Балалар бөлмесінде сабақ жазып екі жасөспірім қыз тосын қонақтардан қысылып есіктерін жауып алады. Ас үйде отырған азғын жуынатын бөлмеге кіріп керілулі тұрған жіпті қиып алып, жатын бөлмедегі теледидар дауысын қаттырақ шығарып қойды. «Не істейміз?» деген екі серігіне ыммен балалардың қол-аяғын матауды бұйырды. Қонақ бөлмедегі Алтынға тап берген Айбар «бар ақшаны алақаныма сал» деп азуын көрсете түсті. «Үйде ақша ұстамаймын. Бәрі контейнерде қалды» деген шын сөзіне иланбаған жауыз өтірік айтасың деп оның қол-аяғын байлап кеңірдегіне пышақ апарды. Өз өмірінен бұрын қос қарғасын ойлап шырылдаған ана: «Қыздарыма тимеңдерші…» деп жалбарынды. Көзінің алды қызыл тұманға бөккен Айбар пышақтағы қанды жердегі көрпеге сүртіп келесі бөлмеге беттеді. «Ағатайлап» жылаған қыздардың мөлтілдеген жанарындағы бейкүнә жастан жүрегі дір етпеген жауыздар жуынатын бөлмеде екеуінің де азаппен жанын қиды. Сәлден соң үй ішін аударып-төңкеріп жүріп олар небәрі 10 мың теңге тауып алады. Екі сілімтігін ерткен ол тез арада із суытуға кірісті. Дежнев көшесіне асығыс шыққан олар такси тоқтатып бастары ауған жаққа жөңкіп берді. Кім білсін, қылмыс болған кездегі жәбірленушілердің жанайқайын естіген жан болған да шығар. Жасырары жоқ, бүгінде қаланың тас үйлеріндей бедірейген көршілер бірін-бірі танымайды. Қазақы қамқор бауырмалдық пен кеңдікті жұтып жатқан қала кейде тынысыңды тарылтатыны бар. Қалалық сот 2001 жылы қылмыскерлерге өз үкімін шығарды. Айбар 25 жылға қатаң тәртіптегі колонияға, есірік екі серігі 16-18 жылдан жазаға кесілді. Тергеу кезінде тар қапаста жатқан Айбар: «Екі қыз түсімнен шықпайды. Шыңғырған дауыстары құлағымнан кетпей қойды…» депті тергеушіге. Арман ЖУСАНБАЙ

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...