Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада мастер-класс өтті

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада тамыр хирургиясы бөлімінде мастер-класс өттті. Мастер-класс жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, менеджмент кафедрасының професоры (доценті), ЖШС «Медитерра» институтының заманауи медицина орталығының лимфолог профиль жетекшісі, тамыр хирургы, флеболог дәрігер — Қоспанов Нұрсұлтан Айдарханұлы және тамыр хирургі, флеболог, лимфолог дәрігер — Төлеген Алимир Исаханұлы, PhD, ОАРИТ және операциялық бөлімшенің меңгерушісі, жоғары санатты анестезиолог және реаниматолог дәрігер — Кусаинов Адилет Шыңғысұлы қатысуымен өткізілді. Мастер-класс аясында науқасқа Лериш синдромы диагнозымен сәтті ота жасалып, науқастың аяғына ампутация жасаудан сақтап қалды. Лериш синдромы — бұл патологияның арасында ең көп кездесетін артериялық жүйе ауруы.

«Алдағы уақытта Жетісу өңіріндегі дәрігерлерге ғылыми-практикалық көмек көрсете отырып, әрі қарай жүйелі түрде жұмыс жасап, осы ангиохирургия қызметін жоғары дәрежеге көтеру» – деді Нұрсұлтан Айдарұлы.

Айта кетсек, мастер-кластың мақсаты хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы Жетісу өңірінің тұрғындарына жоғары сапалы медициналық көмек көрстеу болып табылады.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...