Талдықорғанда ұрықты қорғау орталығы ашылды

Ұрықты пренаталдық диагностикалық сапасын жақсарту, балалар арасында аурушаңдық пен мүгедектікті уақтылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен даму кемістігінен нәресте өлімін азайту мақсатында Қазақстан Республикасында пренаталдық скрининг жүргізуді жетілдіру үшін Облыстық перинаталдық орталық базасында Жетісу облысы бойынша ұрықты қорғау орталығы ашылды.
Орталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жасалып, генетиктер мен акушер-гинекологтар кеңес береді. Ұрықтың даму патологиясы анықталған кезде, пренатальды консилиумда босану тактикасы анықталады. Сонымен қатар орталықта ұрықтың анықталған патологиясын растау үшін УДЗ диагностикасының екінші деңгейі бар.
Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лебаева Айгерім Бауыржанқызы бөлімшелер ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жабдықталғанын айтты.
-Орталықтың негізгі бағыты — туа біткен патологиялармен күресу, ұрықтың қалыптасуына әсер ететін жағымсыз факторларды жою, туа біткен даму кемістіктер мен хромосомдық ауытқулар анықталған жағдайда жүктілікті ұзарту мәселесі, ұзартқан жағдайда жаңа туған нәрестеге уақытылы қажетті медициналық көмек көрсету. Генетика бөлімінде хромосомалық ауытқуларға пренатальды биохимиялық скрининг және тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларға неонатальды скрининг жүргізіледі.
Анықталған туа біткен патологиялармен жүктілікті одан әрі жүргізу немесе тоқтату тактикасы туралы мәселелерді шешу үшін ұрық патологиясының сипатына байланысты бейінді мамандарды тарта отырып, көпсалалы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия отырысында отбасына анықталған аурудың барлық салдары, жүктілікті ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде баланың өміріне болжам жасалып және мүгедектік дәрежесі түсіндіріледі, -деді Айгерім Бауыржанқызы.
Болашақта ұрықты қорғау орталығында ұрықтың инвазивті пренатальды диагностикасын жүргізу жоспарлануда, бұл «хромосомалық патология» диагнозының соңғы кезеңі болып табылады.

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...