Талдықорғандағы тергеу изоляторында тінту жұмыстары жүргізілді

«Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасының жоспары бойынша, Алматы және Жетісу облыстары бойынша №71 мекемесінде Жетісу облыстық полиция Департаментінің есірткіге қарсы күрес қызметі бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, сондай-ақ полицияның кинологиялық орталығының қызметтік итін тартумен тінту жұмыстары жүргізілді.

Бұл іс-шара №71 мекемесінің іргелес аумағында есірткі және синтетикалық есірткі сияқты сезімтал нысанға тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу және анықтау мақсатында жүргізілуде.

«Допинг» жедел профилактикалық іс-шара кезінде тергеу изоляторында ұсталатын камералар мен сотталған қызметшілеріне арналған жатақханасын да тінту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Жетісу облыстық Ішкі істер департаменті есірткіге қарсы күрес қызметкерлерімен №71 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері арасында қызметтік кездесуі ұйымдастырылды.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...