Сәлем-сауқатты тексеру жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға жақындарынан келген сәлем-сауқатпен бірге тыйым салынған заттардың ену жолдарын болдырмау мақсатында мекеменің жедел бөлім қызметкерлері, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АМІЖ аға жедел уәкілі әділет майоры Қонысбекұлы Ғалым және №5547 ҰҰ әскери бөлімімен бірлесіп аралау жұмыстарын жүргізілді. Нәтижесінде тыйым салынған зат табылмады.

«Тексеру жұмыстары аса қырағылықты талап етеді. Қиыннан қиыстырып, тағамның не сусынның ішіне тыйым салынған зат салып, қамаудағыларға жеткізетін келушілер де кездеседі. Сол себепті де әр келген сәлемдемені тінтуші иттің көмегімен жіті тексеріп барып, иесіне жеткіземіз»,- деді мекеменің жедел бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Мақсұтов Сақтапберген.

Жыл басынан бері сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіне келген бірнеше азаматтың азық-түліктері арасынан тыйым салынған зат тәркіленген.

Бақылаушы Орынбасар Шыңғыстың айтуынша, егер жазасын өтеуші азаматқа келегн сәлем-сауқаттан тыйым салынған заттар тәркіленсе, алғашында ескерту, сосын айыппұл салынады. Үшінші рет қайталаса, екі айға қамауға алынады.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...