«Сыңғырла соңғы қоңырау»

         Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №15 мекемесі жанындағы жалпы білім беретін мектепте «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты іс-шара өткізілді. Салтанатты рәсімге мектеп қабырғасында түлектер, ұстаздар ұжымы және мекеме әкімшілігі қатысты. 
Мектеп ұстаздары мен директоры түлектерді орта мектепті бітіруімен құттықтап, мектептің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Түлектер таланты мен өнерлерінің арқасында  мектеп мұғалімдерін құттықтап, өз алғыстарын білдірді. Соңғы қоңырау барлық қатысушыларға үлкен қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлап, жылы атмосферада өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Орта білім міндетті. Атырау облысы бойынша ҚАЖД №15 мекемесінде биылғы оқу жылында 9 түлек мемлекеттік емтиханды тапсырып, қорытынды аттестаттау бойынша орта мектепті бітіргені туралы Аттестат алатын болады. 

Д.Е. Жораев, Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №15 мекемесінің САТжӘПЖБ бастығының м.а. әділет капитаны
.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...