Қазіргі кезеңде құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды дамыту үшін құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті көтермелеу аса маңызды әрі өзекті мәселе екені рас. Қоғамның рухани және материалды жетістіктерінің жиынтығы болған – мәдениетті және өнегелік құндылықтарды әрдайым сақтап қалу парызы тек мемлекеттік құрылымға ғана емес, қоғамға да тиісті болуы қажет.
Қоғамда мәдениетті және құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісін, өнегелік тәрбиені дамыту қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мемлекеттің әл-ауқаты және қоғамның қауіпсіздігі үшін жемқорлықтың зияндығы туралы білімдерді қамтитын тұлғаның қасиеттерін көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру белсеңді азаматтық позициялардың көрініс табады. Ол үшін әрбір адам жемқорлықты қауіпті әлеуметтік құбылыс етіп тану қажет, жемқорлықтың зиянын бағалай білу керек, жемқорлықтың азаюына әкеп соқтыратын барлық қажеттіні пайдалануы тиіс, жемқорлықтың алдын алуға қабілетті болуы керек, өз құқықтарын қорғай білуі керек.
Тұлғаның құқыққа сай әрекет етуінің деңгейі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің өзегінде заңдылықты білу, құқықтық тәрбиені нығайту, заңға бағыну, құқықтық сауатты болу жатыр. Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық белсеңділік, міндеттерді адал атқару құқықтық мәдениеттің көріністері болып табылады.
Қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына, мемлекеттік және құқықтық жүйенің тиімді қызмет етуіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшілердің де құқықтық мәдениетін арттыру қажет. Ол үшін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті атқару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімдерін үнемі көтермелеп тұру керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін көтермелеп тұру қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізіп тұру керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша бұқара ақпараттық іс-шаралар жүргізіп тұру қажет, жемқорлықпен күресу үшін үнемі азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасап тұру керек.
Әрбір азаматтың және әрбір мемлекеттік қызметшінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың және стратегияның негізгі бағыттарының біріне айналуы тиіс. Мемлекеттің саясаты құқықтық сауаттылықты, құқықтық білім беруді, құқықтық ағартуды, құқықтық үгіт-насихатты және өнегелік, әдеп, мәдениет, мораль нормаларын қамтуы керек.
Бискультанова Альбина
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы
Оңдашұлы Ернұр
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы