Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын. Осы орайда Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы Ұлттық Ұлан 5577 әскери бөлімшесінің бақылаушы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет ету – қауырт жұмыс. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі өте көп. Оған ең алдымен қызметкерлердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметкерлердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың орын алуына алып келеді. Сол себепті әр мемлекет қызметкері саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруы керек, — деді өз сөзінде мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы.
Шара соңында мекеме орынбасары жас қызметкерге қоғамның дамуына тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін айтып, еңбек ету жолында табыс көздерінің заңды болуы мен қателікке жол бермеуге шақырды.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...