Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты

Елімізде Тәу­елсіздік алған мезеттен бастап жемқорлыққа қарсы қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мем­лекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура­лы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заң­наманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция­ла­рын және басқа да жалпы жұрт та­ны­ған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы бүкіләлемдік қо­ғам­дастықтың тең мүшесіне айналды.

Бұл про­блемамен жан-жақты айна­лы­сып жүрген беделді халық­ара­лық ұйым – Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қа­зақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Демек еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты оң нәтижесін беріп келеді. Дегенмен уақыт ағымына сай жемқорлықпен күресті үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігі сезіліп отыр. Сәйкесінше жемқорлықпен күрес саясаты да жетілдіріп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрестің тиімділігін арттыру басты ұстаным болып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоя отырып, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру маңызды. Халық өз құқықтарын, оларға қарсы қандай да бір құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда оларды қолданудың нақты тәсілдерін толық білуі тиіс. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. «Кішіден» «ұлыға» дейінгі бүкіл қоғамда «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етеді. Өз тарапынан мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге — ұйым қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көріну фактілеріне жол бермеуге, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі»Заңдарының талаптарын мүлтіксіз сақтауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлық – бұл індет,ол бір күнде шеше салатын шаруа емес. Бұл індетпен күрес тек мемлекет тарапынан емес, бүкіл ел болып жұмылғанда ғана жеңуге болатыны анық.

Сембаев Данияр Казалиевич, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...

Конструктивный диалог 

В АЛМАТИНСКОМ ФИЛИАЛЕ СОЮЗА СУДЕЙ РК ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАЗВИТИЯ...