Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының 20 қыркүйек 2023 жылғы өкімімен Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына Амантаева Шолпан Измухановна тағайындалды.

Анықтамадан:

Шолпан Амантаева 1981 жылы туған.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Кеден ісі», Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2005-2007 жылдары – Атырау қалалық соты кеңсесінің маманы, бас маманы

2007-2010 жылдары – Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының бас-маман – сот мәжілісінің хатшысы

2010-2012 жылдары – Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы

2012 жылы – Атырау облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

2012-2019 жылдары — Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі

2019-2023 жылдары – Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі

2023 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін – Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің құжат айналымы бөлімінің басшысы болып қызметін атқарды.

Сот ұжымы атынан Ш.Амантаеваны тағайындалуымен құттықтап, жаңа лауазымында сәттілік тілейміз.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Полиция Алматы усиливает контроль за грузоперевозками

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» и реализации принципа...

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтуде

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң және тәртіп» қағидатын...

Мемлекеттік тіл және сот жүйесі

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік...

Сотталушы адамның іс-әрекетін саралау, қылмыстың қайталануы түрін анықтау мәселесі

     Қылмыстық сот өндірісінде сотталушының іс-әрекетін дұрыс саралау және...

AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе IT-мамандарды,...