Тумысынан әділдікті қалап, жаны тек ақиқатты сүйетін, құқық қорғау саласына жан тәнімен берілген адамдар болады. Соның бірі мен құрмет тұтатын Әділова Аркен Серікқызы. Ол 1965 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген.
Мектептен кейін бірден Талдықорғандағы Заң техникумына оқуға түсіп, 1984 жылы заңгер мамандығын тәмамдайды. Сол сәттен бастап азаматтардың құқығын қорғауды басты парызы етіп, өмірлік ұстанымына айналдырған. Тағдыры да оны заңгер азаматпен басын қосады. 1984 жылы Ақтөбе облысының тумасы, заңгер, Оңғарбек Қайырзаманұлы Әділовпен заңды түрде некелеседі. Ерлі зайыптылар бірге заң саласына қадам басады.
Аркен Серікқызы алғаш еңбек жолын Ақтөбе облысы,Қарабұтақ ауданы, Қарабұтақ ауылында бастайды. 1985 жылдан 1989 жылға дейін Қарабұтақ ауылының аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында заң кеңесшісі болып жұмыс істесе, 1990 жылдан 1991 жылдың сәуіріне дейін — аудандық халық депутаттары кеңесі төралқасының инспекторы, кейін осы төралқаның қайта құрылуына байланысты 1991 жылдың сәуірінде қызметі аудандық тұтыну одағының заңгеріне ауысады. Бұл қызметте 1999 жылға дейін жұмыс істеп, 1999 жылы отбасымен Ақтөбе қаласына тұрақты тұруға көшеді. Әйел адамды әрқашан да отбасылық міндеті де бір жағынан иығын басып тұратыны рас. Сондықтан арасында аналық міндетін орындап, 2007 жылға дейін үйде, бала тәрбиесімен айналысады.
2007 жылы қазанда мемлекеттік қызметке кіріп, Ақтөбе қаласы сотының жетекші маманының, сот приставының, содан кейін 2008 жылдан 2009 жылдың сәуіріне дейін – жетекші маман, сот приставы болып жұмыс істейді. 2009 жылы мамырдан 2014 жылдың ақпанына дейін – бас маман, сот отырысының хатшысы, 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Сот әкімшісінің бас маманы болып қызмет атқарады. Қызметтегі еңбегі ақталып, облыс басшылығы мен Ақтөбе қаласы сотының мақтау грамоталарымен, сондай-ақ 2022 жылы Жоғарғы Сот жанындағы соттың жұмысын қамтамасыз ету департаментінің басшысы «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталады.
Жолдасы еңбек жолын Кеңес Армиясында жүргізуші болып бастаған, содан кейін Талдықорған Заң техникумына түсіп, Қарабұтақ ауылының ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді, қалаға көшкеннен кейін бизнес саласында заңгер, кейін «Энергожүйе» ЖШС-де заңгер, ОРП бастығы болып жұмыс істеді.
Зейнет жасына дейін теміржолды әскерилендірілген қорғауда жұмыс істеді, қазір зейнеткер. Ерлі зайыптылы заңгерлердің жолын бүгінде балалары жалғастырып жатыр.
Екі бала тәрбиелеп өсірген олардың үлкені Әділова Жанар Оңғарбекқызы, 1985 жылы туған, Ақтөбе қаласының Батыс Қазақстан Заң Академиясын бітірген, білімі бойынша заңгер, Ақтөбе балқыту комбинатының басқармасында заңгер болып жұмыс істейді.
Тұрмысқа шыққан, екі баласы бар, 3-сыныпта оқитын ұлы Арсен және 4 жасар балабақшаға баратын Жанель есімді қызды тәрбиелеп отыр. Күйеу баласы — Ещанов Алмат, Алматы энергетика университетін бітірген, мамандығы бойынша инженер-энергетик, «Энергожүйе» ЖШС өткізу бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.

Ал екінші қызы — Әділова Марал Оңғарбекқызы, 1986 жылы туған, Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан медицина академиясын бітірген, мамандығы — дәрігер. Тұрмысқа шықпаған, Астана қаласында тұрады және жұмыс істейді. Бүгінде зейнет жасындағы Аркен Серікқызы «адам құқығы қорғалған қоғамның ғана тез дамитынын» айтады.
Сондықтан «еліміздегі заңнамалардың өз деңгейінде жұмыс жасап, әділетті қоғамдағы азаматтардың құқығы өз деңгейінде қорғалса екен» дейді.
А.А.Дуйсенова, Ақтөбе қалалық соты әкімшісінің басшысы


