Сот саласындағы жаңашылдықтар саланы дамытуда

Еліміздің сот саласына көптеген жаңа технологиялардың енгізіліп, сандық жүйеге бет бұруы сот саласына серпін беріп, қарыштап дамуына ықпал етті. Бүгінде сандық технологиялардың арқасында онлайн сот отырыстарын өткізіп, көптеген қызметтерді заманауи технологияның алмастыруы сала жұмысын жеңілдете түсті.


«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнымен үйлесе отырып, жүзеге асқан сот саласындағы жаңашылдықтар уақыт сұранысына сай тағы да жаңғырып, заман ағымына сай бейімделуде. Нәтижесінде халық көңілінен шығатын, халықтың сотқа деген сенімін арттыратын жүйе қалыптасуда. Бүгінгі күні сот жүйесінде ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде халық қағазбастылық пен кезекке тұру мәселесінен арылды. Ең бастысы жемқорлықтың жолына балта шабылып, сот қызметіне деген халықтың сенімі арта түсті. Қазір азаматтар үйде отырып-ақ қалаған қызметіне қол жеткізуде. Елімізде алғашқылардың бірі болып сандық технологияға өткен сот жүйесі бүгінгі күні ыңғайлылығымен, тиімділігімен, халықтың уақытын үнемдеуімен жұртшылықтың көңілінен шығып отырғаны белгілі. Сондықтан сала уақыт сұранысына сай деп айта аламыз. Жалпы сандық жүйенің арқасында соттардың замануи түрлері мен озық цифрлық технологияларды енгізу, артық уақыт пен қаржы шығындарына алып келетін сот процедураларын қысқарту мәселесі өз
шешімін табуда.
Сандық технологияның арқасында қол жеткізген тағы бір жетістік бүгінгі күнгі сот залдарында орнатылған бейнебайланыс жүйесі арқылы сот төрелігін қашықтықтан жүргізу болып отыр. Қазіргі таңда көптеген сот отырыстарын қашықтан өткізу арқылы тараптарды алыстан тыңдау, куәгерлерден жауап алу мүмкін болып отыр. Бұрын мұндай жағдайда куәгердің немесе тараптардың бірінің сотқа келуі, алыс аймақта болса сот процесі өткізілуі көп қиындықтар туындататын. Қазір сотқа шақыртуды СМС арқылы жіберіп, сот процесі кезінде алыстан онлайн қатыса алуы сандық технологияның тағы бір артықшылығы деп айтуға болады. Жалпы жаңашылдықтың арқасында жаңғыра түскен сот жүйесі залық көңілінен шығып отыр.

Г.М. Биназарова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...