12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот кабинеті сервисінің мүмкіндіктері

Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кезкелген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады .

      Қазақстан Республикасының Жоғағры Соты сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында «Сот кабинеті» электронды форматын әзірлеген болатын. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.

  «Сот кабинеті» қызметіне кіру ЖСН немесе БСН, сонымен қатар құпия сөз арқылы жүзеге асырылады. «Сот кабинеті» қызметін пайдалану шарттары өте қарапайым. Сот ісін жүргізушіге ҚР Ұлттық куәландыру орталығынан электрондық цифрлық қолтаңбаны алып, «Сот кеңсесінде» стандартты тіркеу рәсімінен өту жеткілікті. Атап айтқанда, өтініш беруші пайдаланушы келісіміне қол қойып, логин, құпия сөз, электронды пошта мекен-жайы өрістерін толтырып, сертификатты таңдау керек. Сынақ процесіне қатысушы ұялы телефон нөміріне немесе электрондық пошта мекен-жайына электронды хабарлама (SMS хабарлама) арқылы логин мен құпия сөзді алады.Тіркелу сәтті өткеннен кейін тұлға «Сот кабинетінің» негізгі бетіне оралу арқылы жүйеге кіріп, қажетті қызметті таңдай алады. Мысалы: Шағым беру кезінде пайдаланушы «Шағым беру» қызметін таңдайды, электронды шағым нысанын толтырады. Электрондық арызға құжаттардың электрондық түрдегі көшірмелері қоса беріледі. Пайдаланушы тиісті файлдарды файлдық жүйеге жүктейді. Файлдарды жүктеп алу аяқталғаннан кейін ол енгізілген деректердің дұрыстығын оларды түзету мүмкіндігін пайдалана отырып тексереді. Талап арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырғаннан кейін Қазақстан Республикасы әділет органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

Жаңа сервис процеске қатысушылардың іс материалдарымен танысу бойынша процессуалдық құқықтарын жүзеге асырылуын айтарлықтай жеңілдету, сот құжаттарын зерделеуге кететін уақыт пен шығынды қысқарту мақсатында әзірленгенін айта кеткен жөн. Электрондық сервис аясында қатысушыларға сот құжаттарына онлайн режимде қол жеткізу, істің барысын толық бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілген, бұл сот процесінің ашықтығының артқанын көрсетеді. Бұл ретте пайдаланушыларға сот актісін басып шығаруға, сондай-ақ істің тарихымен танысуға мүмкіндік береді.Сервисте электронды сот құжаттарын көруге, сақтауға және жүктеп алуға болады. Сот отырысына қатысушыларға жедел хабарлау үшін судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған сот  актілерінің шығарылғаны туралы SMS-хабарламалар жіберіледі. Бұл ретте сервис сот отырысының хатшыларының қызметкерлеріне электрондық хабарламаны жіберуден бас тарту арқылы барлық электрондық хабарламаларды қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, өтінішхат, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының түпнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және тағы басқа да өтініштерді бере алады.

        Барлық жаңа енгізілімдерді және жаңғыртуды ескере отырып, соттардың халық пен екі жақты өзара іс-қимылына және тұтастайалғанда сот ісін жүргізуді оңайлатуға арналған «Сот кабинеті» бірыңғай, көп функциялы терезе рөлін атқаруда.

Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды.

Б.Меңліхожаев, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...