12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот кабинеті арқылы талап қоюлар беру

Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.

«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.

Арызданушы өз жеке кабинетіне келіп түсетін хабарламалар арқылы оның арызы тіркелген сәттен бастап дайын нәтижесі берілгенге дейінгі қараудың барлық сатылары туралы хабардар етіледі.

Сот актісінің көшірмесін беру туралы сотқа арыз бергеннен бастап арқылы апостиль қойылатын құжат сот органдарының ақпараттық жүйесі соттар әкімшісіне түскенге дейінгі үрдістің барлық кезеңдерінде соттар әкімшісінің жауапты тұлғасы мемлекеттік қызметтің тиісті түрде және уақытылы көрсетілуіне мониторинг жасайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру ең алдымен, көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін жоғарылатуға бағытталып отыр. Енді азаматтарға сот актісінің көшірмесін алу және оған апостиль қою үшін қағаз тасығышта сотқа келу қажет емес. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар және «Сот кабинеті» сервисінде тіркелген адам жер шарының кезкелген нүктесінде бола тұра, апостиль қою туралы арыз бере алады.

Осы арыздар мен шағымды жіберу үшін пайдаланушы өтініштің ұсынылғанны санын толтырып, қоса берілетін құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеуі және электрондық цифрлық қол таңбамен қол қойып, тиісті сот органына жіберуі қажет. Осылайша, пайдаланушыға сотқа барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және істің қаралу барысын қарапшығуға болады.

Барлық жаңа енгізілімдерді және жаңғыртуды ескере отырып, соттардың халық пен екі жақты өзара іс-қимылына және тұтастайалғанда сот ісін жүргізуді оңайлатуға арналған «Сот кабинеті» бірыңғай, көп функциялы терезе рөлін атқаруда.

Бүгінде сотқа ақпараттық технологиялар арқылы талап-арыздар мен шағымдарды беру, құжаттардың көшірмелерін алу және іс материалдарымен танысу мүмкіндігін көздейтін электрондық сот төрелігі кеңінен қолданысқа ие екендігі баршаға белгілі. Сот жүйесін ақпараттандыру бағытындағы жаңашылдықтар құжаттарды қабылдаудан бастап, шешімдерді, атқарушылық парақтарды, үзінді көшірмені берумен аяқтай отырып, сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды.

Бүгінде сот саласында  процеске қатысушыларды SMS-хабарлама және электронды почта арқылы хабарландыру жүйесі, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру қағаздары» сервистері белсенді қызмет етеді.

Қорыта айтқанда, сот жүйесіне сот кабинетін енгізу қазіргі уақытта өзінің тиімділігін көрсетуде. Азаматтардың уақыты үнемделіп, сот қызметіне қол жетімділік еселене түсті. Бұл адамдардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпл ететіні сөзсіз.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Ж.Успанов

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...