12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы – сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігі әрқашан басты назарда болып отыр. Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады. Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі — қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата Заңымызбен, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі екені айқындалған. Сондықтан мемлекеттік тіл мәселесі әрқашан қоғамды басқару тілі ретінде басымдыққа ие. Мемлекттік тіл — бұл отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Сот жүйесі де мемлекеттік тілдің маңызын әрқашан басты орында ұстайды. Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы – сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімі республикамыздың барлық соттарының бағдаршамына айналған десек қателеспейміз. Қазір іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Яғни, сот саласындағы ішкі және шығыс құжаттарының 100 пайызы қазақ тілінде дайындалуы қажет. Сот өзінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан азаматтарының объективті ақпарат алудағы конституциялық құқығын жүзеге асыра отырып қана қоймай, сот билігінің беделін нығайтып, сот жұмысының сапасын жақсартады.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру үшін айтарлықтай  шаралар қабылдануда, көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда сот жүйесінде қазақ тілін үйрету мақсатымен тілдік курстар ашылып, судьялар және сот жүйесінің қызметкерлері кәсіби қазақ тілін үйрену мүмкіндігі қарастырылған.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хатшысы Достаева С.

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...