Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар саланы алға сүйрейді

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесі уақыт сұранысымен көптеген өзгерістерге ұшырап, айтарлықтай жаңашылдықтар енгізілді. Нәтижесінде еліміздің сот саласы жетілдіріліп, адам құқығын қорғау деңгейі арта түсті. Әсіресе салада жаңа технологияларды қолдану аясы кеңейіп, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдері күн өткен сайын жетілдіріліп жатыр. Мұндай жаңашылдықтар арқасында азаматтардың құқықтары мен олардың қауіпсіздігін қорғау деңгейі де арта түсері анық.

Ең бастысы сот саласында жасалынған жаңалықтардың барлығы халық игілігіне қызмет етуде. Әсіресе сот жүйесінде заманауи технологияларды, озық функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, төрешілдік кедергілерді қысқартты, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып процес барысында туындайтын адам факторы күмәнін жойды. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеп, халық үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік берді.

Атап өтер жайт сот саласында атқарылып жатқан жаңашылдықтардың барлығы ең алдымен сот жүйесін оңтайландыруды, халық сеніміне лайық болуды көздейді. Мәселен осыдан бірнеше жыл бұрын сотта кез келген істі судьяларға төраға емес IT-жүйе кездейсоқ тәсілмен бөлетін өзгеріс енгізілді. Яғни судьялар істі өздері таңдап алмайды немесе сот төрағасы бөліп беремйді, ақпараттық технология арқылы қай іс қолына түседі судьялар сол істі қарауға міндетті. Бұл ең алдымен жемқорлыққа қарсы құрал болатын. Ал соңғы өзгерістерге сай азаматтар өздері қалаған облысқа барып ісін қарата алатын мүкміндік қарастырылуда. Бұл ең алдымен судьялардың әділеттілігімен көзге түсіп, олардың арасындағы кәсіби бәсекені арттырады деп күтілуде. Қазіргі таңда мамандар расымен халық арасындағы сот шешімдеріне деген наразылық азайып келе жатқанын айтады.

Әлемдегі өркениетті 30 елдің қатарына қосылу үшін бұл жаңашылдықтардың барлығының маңызы зор! Өйткені жаңашылдықтар сот жүйесін алға сүйреуде!

А.Е. Киянбекова, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

СВОЙ ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ – НА УЧАСТКЕ

Для некоторых жителей Алматинской области день референдума совпал с...

Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады

Алматы облысындағы Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай...

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде...

Ғасыр жасаған әже референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдумда Ұзынбұлақтық 104 жастағы Күлпара Шортанова өз таңдауын...

Ардагерлер кеңесінің төрағасы алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бүгін Кеген ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Тұрсынов...