12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технологиялар — ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпараттық технологиялар сот жүйесінде де кең көлемде пайдаланылады.

Атап айтқанда, сот жүйесінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS-хабарлама» сервисі, «QR-code» жүйесі, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференц байланыс арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар пайдаланылады. Сот жүйесіне ақпараттық технологияларды пайдалану халықтың мемлекеттік қызметке қолжетімділігін арттыра түсті. Сот жүйесіндегі ақпараттық технологияларды пайдалану — сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қол жетімділігін арттыру болып табылады. Заман дамыған сайын ақпаратқа қол жетімділік те оңай, ыңғайлы болуы халықтың бүгінгі сұранысынан туындап отыр. Қазіргі таңда азаматтар мен заңды тұлғаларға «Сот кабинеті» сервисі өте тиімді екенін атап өткен жөн.  Кез-келген уақытта электронды түрде арыздарды, талап арыздарды, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдап, сотпен шығарылған сот актілерімен танысып, олардың орындалу барысын қадағалай алады. Және де процеске қатысушыларды сот отырысының уақыты жөнінде телефондарына қысқа мәтінде «SMS-хабарлама» хабарламасы арқылы және электронды почта арқылы хабарландыру жүйесі жұмыс істейді.

Еліміздің барлық соттары аудио-бейне жазба құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Барлық сот отырыс залдары түгел аудио-бейне жазбасының жаңа жүйелерімен жасақталған. Бұл жүйе жазылған ақпаратты бұрмалауға жол бермейді. Сонымен қатар сот отырыстары мобильді қосымшаларының көмегімен қашықтықтан қаралуда. Бұл сот отырысына қатысушылардың уақытын үнемдеу үшін жағдай жасау болып табылады.

Сонымен қатар сот жүйесінде соңғы жылдары істердің сотқа берілуі сексен пайызға электронды түрге ауысты. Бұл қағазбастылықтың азайып, істердің мәні бойынша қаралуына көп көңіл бөлуіне, қылмыстық істе бұрмалануларды болдырмау үшін зор үлесін тигізіп жатыр. 

Қорытындылай келе, сот жүйесіне енгізіліп жатырған ақпараттық технологиялар  халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеуге, сот жүйесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етуге септігін тигізетіні сөзсіз.

     Гүлназ Серікқалиева,

Атырау қаласының №2 соты кеңсесінің

              бас маман — сот отырысының хатшысы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...