12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілік»

Процеске қатысушылардын сот төрелігінің алдында міндеттері, сондай-ақ сот залына қатысатын адамдардан сот отырысының белгіленген тәртібін қатаң сақтауды талап етеді.

Сот отырысында тәртіпті бұзу деп сотқа және төрағалық етушінің өкімдеріне айқын құрметтемеуді куәландыратын, сот процесінің қалыпты жүруіне кедергі келтіретін, дәлелдемелерді зерттеуді қиындататын әрекеттер танылады.

Азаматтар сотты құрметтемегені үшін туындауы мүмкін жауапкершілік туралы, сотқа келмегені үшін, процеске қатысушыларды қорлағаны үшін және т.б. құқықтық салдары қандай болуы мүмкін екенін білуі қажет.

Сот процесінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында іс жүргізу заңдарында тиісті шаралар көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653 бабына сәйкес:

1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)  — ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 188-бабына сәйкес, істі қарау кезінде тәртіпті бұзған адамға төрағалық етуші сот атынан ескерту жасайды. Тәртіп қайта бұзылған жағдайда іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан шығарылуы мүмкін. Іске қатыспайтын және сот отырысы залына қатысатын адамдар тәртіпті қайта бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімі бойынша отырыс залынан шығарылады. Істі талқылау кезінде қатысушылар тәртіпті жаппай бұзған кезде сот іске қатыспайтын барлық адамдарды сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

Азаматтар сотты құрметтемеудің кез-келген көрінісі жалпы мемлекеттік билікті құрметтемеудің көрінісі екенін есте ұстауы керек.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы

Бөлегенова Гүлнара Ізтелеуқызы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...