«№50 мекеме» РММ базасында жол картасы аясында сотталғандардың
еңбегін ұйымдастыру тобы «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлық және
сервис колледжі» жеке мекемесінің оқытушысы Екатерина Вильмен бірлесіп
шаштараз қызметтерін көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Жұмыс барысында Екатерина Владимировна сотталғандармен
мамандықтың пайда болу тарихынан бастап клиенттердің талаптары мен
шаш түрлеріне дейінгі жылдар бойы жинақталған білімдерімен бөлісті. Ең
әсерлі сәттердің бірі, әрине, практикалық жұмыс болды. Шебер шашты
сәндеудің әртүрлі түрлерін көрсетті, сонымен қатар оларды орындаудың
жылдам техникасының құпияларымен бөлісті.
Төрт сотталған әйел модельдер мен шеберлер ретінде сабаққа
қатысуға ниет білдірді. Басқа жасақтардың сотталғандары процесті үлкен
қызығушылықпен бақылап, шеберге танымдық және қызықты шеберлік
сабағы үшін алғыс білдірді.
«Шаштараз мамандығы клиенттің жеке ерекшеліктерін, оның тілектері
мен шаштараз өнеріндегі сән бағыттарын ескере отырып, шаш күтімі
бойынша жеке қызметтер көрсетумен байланысты. Өз жұмысы арқылы
шаштараз клиенттің жаңа бейнесін жасап, сонымен қатар адамның бет
әлпетінің артықшылықтарын көрсетіп, кемшіліктерін жасыру маңызды»,-
атап өтті Екатерина Виль.
Д.С.Жұмағұл, СЕҰТ аға инспекторы
әділет капитаны


