Елімізде бас бостандығынан айырылған сотталғандардың, тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін қосымша қызметтер ұсыну тәртiбi заңмен қарастырылған.
Осыған орай, Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде сотталғандарға тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сату үшін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын жұмыс істейтін дүкен бар. Бұл дүкен ЖК «Хасанқызы» атымен тіркеліп, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасап келеді.
Дүкенде азық-түлік өнімдері, соның ішінде кондитерлік тәтті тағамдар, консервілер, тез дайындалатын тағам өнімдері, сусындар мен гигеналық заттар, шүлық, ішкиімдер бар.
Олардың жарамдылық мерзімдері қатаң бақылауға алынған.
Мекеменің арнайы ғимаратын жалға алып, жұмыс жасап жатқан «Қасанқызы» дүкенінін көбіне шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жаздыру арқылы қажетті заттарын алып тұрады.
Яғни, әр ай сайын алынған заттар тізімі бойынша арнайы бланкі толтырылып, қаржы бөліміне өткіземін.
Осы бланкіде көрсетілген қаражатты мекеменің Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің есепшілері шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандарының айлық жалақысынан ұстап, дүкен иесінің есепшотына аударып отырады- дейді, АКАӘПТЖБ-нің жасақ бастығының м.а әділет лейтенанты Н.Абдраманов
Ал сотталғандар өз қажеттіліктерін өтегендіктеріне дән риза. Тіптен кейбірі мекеме әкімшілігі мен дүкен иесіне алғысын жеткізіп жатады: Бүгін ұзақ мерзімді кездесуге әйелім мен егіз қызым келген болатын. Ертең қыздарымның туылған күні. Жастары сегізге толады. Перзенттерімді қуантайын деп, мекеме дүкенінен торт жаздырып алып, әкелдім. Бостандықтағыдай кең дастархан жайып,тортпен шәй іштік.
Қыздарымды қуантуға мүмкіндік тудырған мекеме әкімшілігі мен дүкен иесіне қызметтері үшін рахмет айтамын- деді, ҚР ҚК – тің 188- бабы бойынша жазасын өтеуші С. есімді азамат.


