Сотталған азаматшалар Юрий Шатуновты еске алды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 79 мекемесінде жазасын өтеп жатырған әйелдердің эмоционалдық жағдайын жақсарту мақсатында мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері өз жұмыстарында әртүрлі әдістерді, яғни би, кино, көркем және музыка терапиясын қолданады.
“Музыкалық терапия әлеуметтік-психологиялық жұмыстың ерекше әдісі”. Сотталған азаматшалар арасында бүгін “Біз Юрий Шатуновты еске аламыз” атты кеш ұйымдастырылды.
Музыкалық терапияның белсенді әдісін қолдану команда құруға, сұранысқа ие болу сезімін дамытуға және өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, энергияны оң бағытқа бағыттауға ықпал етеді.


«Біздің әйелдерге бұл форматтағы жұмыс ұнады, олар бұл идеяны оң жағынан қабылдады. Дайындалып, сценарийін әзірлеп, іс-шараны ұйымдастыруға ықыласпен атсалысып, жан-жүрегімен караокеде шырқап, жан-жағындағыларға бар ішкі күш-қуатын таратты. Бұл бағыттағы жұмыс сотталған әйелдер арасында субъективті мәнге ие, белсенділік қызығушылық пен қатысуға құштарлықты тудырады. Іс-шараға дайындық барысында сотталған әйелдерге тән талапсыздық сезімі азаяды, ең бастысы, іс-шарадан соң сотталғандардың жақсы әсерде қалатыны», — деді аға инспектор психолог.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...