Сотталған азаматшаларға арналып ән шырқалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 79 мекемесіндегі жазасын өтеп жатырған сотталған азаматшалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз бойындағы қабілеттіліктерін дамыту, тәрбиелік ықпал ету, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Атырау облысының Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары өз өнерлерін тарту етті. Аталған шара көңілді әрі әсерлі деңгейінде өтті.

Өнерпаздар жанды дауыста әндетіп, сотталған азаматшаларды билетті, домбырамен күй шырқалып, гитарамен ән айтылды. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының ұжымдастары мекемедегі сотталған азаматшаларға жылы лебіздерін білдіріп, келесі концертті отбасыларымен тамашалауын тіледі.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...