Сотталған азаматшалармен кездесу

2023 жылдың 29 қараша күні №79 мекемесінде Атырау облысы бойынша Ішкі саясат басқармасының хатының негізінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері және қоғам белсенділерінің қатысуымен сотталған азаматшалармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу кешінің басты мақсаты қазіргі таңдағы жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу.

Іс-шара барысында «Жаңа уақыт» қоғамдық орталығының төрағасы нашақорлыққа құмарлық туралы ғана емес, сонымен бірге қазіргі кезде жастар арасында есірткі затын тарату жайында сөз қозғады. Есірткі заттарын таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған екі сотталған азаматша өткен өмірін еске алып, істеген қателіктерінің арты осындай қиын жағдайға әкеліп соққаны туралы айтып өтті.

«Біз де адамбыз» қоғамдық қорының өкілі Г. М. Космурзиева сотталған азаматшаларға әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсетуге ниетін білдірді.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...