Сотталған азаматтар қалалық мәдениет үйіндегі өнер фестивалін тамашалады

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жастардың заманауи өнер және би байқауы өткізілді.
Осы өнер фестивалін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер де тамашалады. Керемет кеш жазасын өтеушілерге жақсы көңіл –күй сыйлады.
+Бүгінгі кештен керемет әсер алып, мәдени, рухани демалып қалдым.Мекеме әкімшілігі бізді қаламыздағы мұражайларға, мәдени шаралаға жиі апарады. Сондай-ақ мереке сайын спорттық шараларды жиі ұйымдастырады. Барлық шараларға қатысамыз. Өнер десе ішкен асымды жерге қоямын.Өзім өлең айтамын, домбыра шертемін. Мекемеішілік шараларға белсенді қатысамын. Жаза мерзімнің аяқталуына аз ғана уақыт қалды.Ендігі арманым аман-есен отбасыммен қауышу. Керемет көңіл күй сыйлаған мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.
-Қателік жасап, темір торға түскен азаматтарды тәрбиелеу түзеу мекемесінің міндеттерінің бірі. Мекеме психологтары,қызметкерлері осы азамттармен жұмыс жасау арқылы оларды тәрбиелеуге, жазасын өтеп мекемеден шыққан соң қоғамға тез бейімделіп кетуіне көмек көрсетуде.Алдағы уақытта да жоспарған сәйкес мәдени шараларға жиі апаратын боламыз»-деді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Абдулла Уайдаев .

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...