Сотталған азаматтармен кездесу өтті

Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі, белгілі теолог Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті «№60 мекеме» мемлекеттік мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталған азаматтармен кездесу өткізді. Сотталғандармен кездесу барысында «Уәдеге берік болу – мұсылманның сипаты» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде теолог маман: «Мұсылман адамы әрдайым өз сөзіне берік болып, уәдесінде тұруы керек.

Себебі, өтірік айту мұсылманға тән қасиет емес. Әрбір мұсылман Мұхаммед пайғамбарды өзіне үлгі тұтатыны белгілі. Ал, Мұхаммедке пайғамбарлық миссиясы жүктелгенге дейін «Мухаммад әл-әмин», яғни, «сенімді Мұхаммед» деп аталғаны тарихтан белгілі. Олай болса әрбір мұсылман адамы әз-пайғамбарды өз өмірінде үлгі тұтуы керек», — деді.

Кездесу соңында сотталған азаматтар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...