Сотталғандар III құрлықаралық онлайн шахмат чемпионатына қатысты

2023 жылғы 11-13 қазан аралығында «FIDE» Халықаралық шахмат федерациясының қолдауымен сотталғандар арасында Үшінші құрлықаралық онлайн шахмат чемпионатын өткізілді. Шараға Қызылорда лоблысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар да қатысты.
Бұл іс-шара «Шахмат — еркіндік үшін» бағдарламасы аясында бүкіл әлем бойынша түзеу мекемелеріне шахматты тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу құралы ретінде енгізуге бағытталған.
Турнирдің мақсаты — әлемнің түкпір-түпкіріндегі түзеу мекемелерінен қатысып жатқан азаматтардың өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беру, сондай-ақ олардың оңалуына және әлеуметтенуіне ықпал ету.
«Шахмат – бұл интеллектуалды ойын ғана емес, стратегиялық ойлауды, өз-өзіне бақылауды дамытудың және өзара әрекеттесу дағдыларын жетілдірудің құралы. Бір команда төрт адамнан қатысып, сынға түседі. Бұл турнирге 2019 жылдан бері «Chess.com» платформасы арқылы қатысып келеміз. Қазақстандық команданың атынан 2022 жылы бәсекеге қабілетті екенімізді дәлелдеп, IV орын иелендік,- деді жазасын өтеуші.
Чемпионат соңында нәтижелі ойын көрсеткен сотталғандар «Үздік команда», «Үздік шахматшы» номинацияларына ие болды.

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...

Санкционирование постановлений судисполнителей 

Санкционирование постановлений судебных исполнителей о временном ограничении на выезд...

Если наследник умер, не успев принять наследство

ИНОГДА ЖИЗНЬ РАСПОРЯЖАЕТСЯ ТАК, ЧТО НАСЛЕДНИК УХОДИТ ИЗ ЖИЗНИ,...

Опасный феномен «аптечной наркомании»

В ПОВСЕДНЕВНОЙ ЖИЗНИ ЛЮБАЯ АПТЕКА ТРАДИЦИОННО ВОСПРИНИМАЕТСЯ КАК ИНСТИТУТ,...