Сотталғандар мұражайға барды

Жаңақорған аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандармен мәдени-спорттық шараларды жиі өткізеді. Бүгін де осындай мәдени шара Жаңақорған аудандық тарихи өлкетану мұражайында өтті. Пробация есебіндегі 20 сотталған мұражай қорындағы құнды экспонаттармен танысып, өлкенің ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алды.

Мұражай қызметкері Құралай Мақұлбекқызы сотталған азаматтарға музейдің 4 экспозициялық залындағы ауданның тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты бойынша музейдегі 11277-нан астам жәдігермен таныстырды. Сотталған азаматтар музей жәдігерлерінің ішіндегі ең құнды, маңызды жинақтары ол – археология классификациясына біріктірілген, керамикалық қыш құмыраларды тамашалап, рухани азық алды.

Мұражай ауданымыздың тарихы, баға жетпес байлығы. Аудан тарихынан, экспозициялық залдарындағы жәдігерлерден туралы құнды мәліметтер алдым. Өткеннің мұрасын көзбен көріп, қолмен ұстап, алған әсерімді жеткізе алмай отырмын. Балаларымды да арасында мәдени орындарға апарып, ұлттық құндылықтар туралы әңгіме айтып отырамын. Бүгінгі шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз «- деді есептегі азамат.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...