Сотталғандар карикатуралық суреттер салды

Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД -ға қарасты 68 мемлекеттік мекемесінің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары арасында карикатуралар байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты : сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалануға жұмсау, шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау, олардың көркемдік қабілеттерін дамыту және мәдени-этикалық құндылықтарға тәрбиелеу. Тақырыптар әртүрлі болды. Әрбір сотталған тапсырмаға өзінше жақындады. Бұл азаматтар суретті екі түрлі техникада ақ-қара және түрлі-түсті етіп салды.

Және тақырыпсыз болды. Тек карикатурадағы проблеманы түсіндіру мақсатында екі сөйлеммен суретке сипамтама жазылды.

Жазасын өтеушілер өз жұмыстарында әлеуметтік мәселелерді немесе әзілді жеткізе алды. Бұл іс-шара олардың ойлау көкжиегін кеңейтеді және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып, көптеген ішкі мәселелерді шешуге көмектесетінін көрсетеді. Байқау қатысушыларға ұнады. Бұл дәстүрге айналады деп ойлаймыз, — деді мекеме психологы Айзат Мырзалы

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...