12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар жанды дауыста ән тыңдады

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылода облысы бойынша № 37 мекемесіндегі сотталған азаматтары концерт көріп тамашалады.

Бұл іс-шараны мекеменің арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің ұйымдастырды.

Концерттік бағдарламаны Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы дайындап әкелді.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, мекемелерде сотталғандардың түзелуіне, яғни заң талаптарын сақтауға, еңбекке және қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысуға, білім және мәдени деңгейін арттыруға, оңалту бағдарламаларына қатысуға ынтасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Осыған сәйкес, мекеме әкімшілігі сотталған азаматтардың мәдени деңгейін арттыру мақсатында арнайы өнер ордасының қызметкерлерімен байланыс жасап, бүгінгі концерттің өтілуіне ықпал етті.

Концерт барысында сотталғандар орындалған ән-күйге қосылып, өлең айтып, әртістерді қолпаштап, шапалақтарын аямады.

Кәсіби орындалған әндер сотталғандарға жақсы көңіл- күй сыйлады.

Олардың ішінен ризалығын білдірген сотталғандар да болды.

Мұндай концерттер қажет-ақ, әуезді әндерді тыңдап, серігіп қалдық. Өзімізді бостандықта жүргендей сезіндік. Осындай іс-шаралар үшін әкімшілікке рахмет.

Ана туралы ән айтылғанда көзіме жас келді. Сотталуыма байланысты, анамның көңіліне мұң түсіргенім үшін өкіндім.Мен жалғыз баласымын. Ертерек жазамды өтеп, қасына оралсам екен деп ойладым — деді жазасын өтеушілер атынан алғысын білдірген 27 жастағы сотталған азамат.

Сотталғанның өкініш білдіруі оның түзелу жолға қадам басқандығын білдіреді.

Олай болса, есті ән естіп тебіренген сотталғандардың тәрбиесіне жанды дауыста орындаған әншілер концертінің игі ықпалы зор болғаны анық.

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...